Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің тарихи анықтамасы

1995 жылға дейін халық пен Алматы қаласы аумағын табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мәселелері Алматы қаласы Азаматтық қорғаныс штабының құзыретінде болған. 1995 жылғы желтоқсанда Алматы қаласының Азаматтық қорғаныс штабы Комитет құрамындағы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар  басқармасы болып, кейіннен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігі қайтадан қайта құрылды.

2005 жылғы тамызда Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі құрамындағы Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті болып өзгертілді.

Қазақстан Республикасы  Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы  Төтенше жағдайлар министрлігінің  таратылуы және ТЖМ құзыретті қызметтері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне  берілуіне байланысты Департамент «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті» ММ болып атауы өзгертілді.